“Не қылған қате ұстаным?”: АсарУме қорының басшысы Салтанат Нүкенованың ағасынан кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024
- 1.0k
АсарУме қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі Асхат Нұрмашев Айтбек Амангелдіден кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нұрмашевтің айтуынша, қайырымдылық қорының қаржылық есебі ашық дереккөздерде бар. Оны кез келген адам қарай алады екен.
“Бір адамдар ашуланып халықтың өз қорына жылдар бойы жолдап жатқан ақшамыз қайда кетіп жатыр – ақша босқа беріп жатырмыз ба деп сұрайды. Бізге қарсы ақпараттық тапсырыс жүріп жатқандай әсердемін. Неге солай екенін түсіндірейін. Бізде жалпы бәрі қарай алатындай қаржылық есептер ашық дереккөздерде тұр. Аудит есептері де. Органдарда да, халықаралық деңгейде де. Бұл есептерді мыңдаған адамдар біледі. Видеоесептер де бар. Жүздеген компания бізбен серіктеспей тұрып, аудиторлық тексерістерді зерттейді. Оның бәрін БАҚ-қа тағы да түсіндіруге дайынбыз”, – дейді ол.
Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенова туралы пікір білдірген волонтердің пікіріне қосылмайтынын жеткізді.
“Бізді енді басқа жағынан қаралағысы келеді. Ол – Қазақстанның қазіргі трагедиясына қатысты іс. Салтанат Нүкенованың өлімі. Бізде елде жүздеген волонтер бар. Соның бірі – АсарУменің қызметкері емес – бос уақытында ғана көмектесіп жүрген адам пікірлерінде Салтанатқа қатысты көзқарасын жазған. Бізді сол жағдай тығырыққа тіреді. Неге? Не қылған қате ұстаным? Бірақ ол оның позициясы. Енді келіп, кейбір адамдар мені қаралағысы келеді. Бұл – Асхат Нұрмашев пен АсарУменің позициясы деп есептейді. Олай емес. Бұл әділетсіз. Бұл халықтың ортақ трагедиясы. Біз волонтердің пікірі үшін кешірім сұраймыз. Бұл біздің пікір емес”, – дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024