«Менің балам – күшті, келінім – оңбаған»: Айгүл Иманбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024
- 3.0k
Белгілі әнші Айгүл Иманбаева енелерге үндеу жасап, келінге ақыл айтпауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, ол келініне әлі күнге дейін ақыл айтқан емес. Тіпті ондайды жөн санамайтынын жеткізді.
«Бүгін де өзім де келінмін. Ене болып та отырмын. Қоғамда келін мен ене тақырыбы қашан да өзекті. Көпшіліктен келіп жатқан «Келініңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Өзіңіз қандай келінсіз, қандай енесіз?» деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім. Менің ойымша, ене болып аяқ астынан образға кіріп, бірден ақылгөйсіп, келінді тәрбиелеудің еш қажеті жоқ. Тәрбие 13 жасқа дейін баланың бойына сіңеді. 13 жастан кейін баланы тәрбиелемейді. Ақылы бар ата-ана онымен дос, сырлас болады. Менің келінім де өз отбасынан алған тәрбиесін бойына сіңірген адам. Ол менің баламмен бас қосты екен деп, аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айту әбестік деп санаймын», – деді әнші.
Сонымен қатар, «келінін жаман» деп айтатын енелердің өзі кінәлі екенін алға тратты.
«Қазақта «Санасына берсін» деген жақсы сөз бар. Әр бала өз отбасында қандай тәрбие көрді, соны өзімен бірге сенің үйіне алып келеді. «Менің балам – күшті, келінім – оңбаған» дейтін енелермен келіспеймін. Олай болмайды. Егер сен сондай келінді алсаң, ол жақсы болсын, жаман болсын, не өзің жақсысың, не өзің жамансың. Басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің. Егер ақылың болса. Оған ақыл айтып, жол көрсетіп, аяқ астынан ғұлама болудың қажеті жоқ. Бұл әрекет өте күлкілі әрі ақымақтық», – деді Айгүл Иманбаева.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024