Қоғам
39 жастағы шымкенттік әйел оныншы сәбиін дүниеге әкелді
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қараша, 2024
- 312
20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкелген
Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова оныншы баласын дүниеге әкелді, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 6 қарашада қалалық перзентханаға жеткізілген. 9 баланың анасы оныншы сәбиін өзі босанған. Перзентхана дәрігерлерінің тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
Көпбалалы ана 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкелген. Қазір көпбалалы отбасы Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.
Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Бүгінде олардың үлкен балалары студент атанып үлгерген.
Келесі мақала
Келіні енесінің мойнына пышақ сұғып өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Қоғам
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024