Келіні енесінің мойнына пышақ сұғып өлтірті. Онымен қоса бесінші сыныпта оқитын ұлын жарақаттап тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.
SHOT-тың мәліметінше, 42 жастағы Наталья Калинин ауданындағы Народная көшесінде тұратын енесіне барған. Ол баласын көруге келген. Алайда 85 жастағы енесімен бірге тұратын әңгіме жараспай, олар қатты ұрысып қалған.
Ашуға берілген Наталья пышаққа жармасып, зейнеткердің мойнына сұғып алған. Қарт кісі оқиға орнында қайтыс болған.
Тоғыз жастағы бала анасын сабырға шақыруға тырысып, тоқтатпақшы болған. Бірақ анасы баланың бұғанасына жарақат салған.
Ол бұғана сүйегіндегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Анасы қамауға алынды.
«Кісі өлтіруге оқталу» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Наталья ресми түрде жұмыссыз, бұрын сотталмаған. Оның әрекетінің себептері анықталуда.
Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024