Айгүл Иманбаева алғаш рет 76 жастағы әнші енесін көрсетті (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 15 қараша, 2024
- 991
Иманбаева Астанаға енесі келіп, келіндік қызметте жүргенін дүйім жұртқа желідегі парақшасы арқылы айтты. Ол есімі ырыммен қойылған "Айгүл" тобының әншісі тағдырдың таңдауымен қалай енесіне айналғанына әлі қайран қалады екен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Кеш жарық достар! Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын.
Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам (енем) 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76-да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен.
Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы «Айгүл» ансамблінде әнші болғандығы кездейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін», — деп жазады әнші Айгүл Иманбаева.
Иманбаева бүгінде енесімен қол ұстасып екеуі екі арнада түсірілімге қатысып жүргендерін күле отырып баяндады.
«Ал бүгін менде «Хабар» арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды «Абай» арнасы «Айгүл» ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертең екеуіміз де әртіс болып, айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды.
Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді.
Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң, ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады. Видеодан кейін енемнің «Айгүл» ансамблінде ән айтып тұрған сәтінен бір фото», — дейді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024