Аралға “қолдан жаңбыр жауғызған”: Алтай Айнабек енді Алматының ауасын тазартпақ
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:40
- 63
Аралға "қолдан жаңбыр жауғызамын" деген Алтай Айнабек ендідіге Алматының ауасын тазартуға кірісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Түркістанда өзіне ризашылығын білдірген шаруалар оған шапан жауыпты.
"Биыл Түркістанда бидай 20-25 центнерден рекорд өнім берді. Соңғы жылдары өсімдіктерді ауру етіп қырып бара жатқан, құрғаған Аралдан тараған тұзды у бұрынғыдай жайылмай, ағаштар қайта тірілді, көкөністерімізге дәріні аз берсек те өнім мол болды", - деп ырзалығын айтып, шапан жапты", - деді ол.
Ол келесі жобасында Алматының ауасын тазартқысы келетінін жеткізді.
"Алматының ауасын тазарту революциялық жобамыздың сәтті шығуына шыр-пыр болып жүрміз. Миллиондаған адамның көзінше Алматы қаласының ауасының тазалығын қамтамасыз етіп отыру керек", - деді ол.