Айгүл Орынбек: «Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет»
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 640
Қайырымдылық қорларының айналасындағы дауға қатысты заңгер Айгүл Орынбек пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, күмәнді қорлардың барлығын жабу керек.
"Ниеті дұрыс емес адамдар жеке бас пайдасы үшін қор ашып, халыққа арзан үйлер алып беріп, қымбат үй сыйлап жатқандай көрсететін болған. Бұл дабыл қағатын дүние. Өйткені халыққа пайдасын тигізіп жатыр ма террористерді қаржылай қамтамасыз етіп жатыр ма белгісіз. Себебі мұның есебі, сұрауы болмағаннан кейін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Қорларды бұрыннан-ақ тексеру керек еді. Тіпті қорларды ашқызуға тыйым салу керек”, – дейді Айгүл Орынбек.
Заңгер халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет екенін айтты.
"Барлық қорларды жабу керек. Тіпті әкімдік тарапынан ашып алып, арам ақшаны да қорларға аударып жатқандар бар. Тек қана мемлекеттің бақылауындағы қорларға ғана ақша аударыңыздар. Ал адамдарды қызықтыру арқылы біреудің қайғысын көрсетіп жатқандарға күмәнмен қарау керек. Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет”, – дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024