“Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім”: Бибігүл Төлегенова өмірінің қиын кезеңдерін еске алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 328
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова күйеуін есіне алып, өмірінің қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі "Астана" телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
"Күйеуден бағым жанған жоқ. Менің бағым - елім. Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім. Жақсы жар, жақсы келін болуға тырыстым, бірақ күйеуімнен қашып кетуге тура келді екі баламмен, өйткені арақ ішкіш болды. Ешкім мені көтерген жоқ. Өнеріммен, өзім жеттім бәріне. Ешкім жаман қараған жоқ, ешкім мені біреудің арқасында көтерілді деген жоқ. Бақытымды өнерден таптым" - дейді, қазақтың аңыз әншісі.
Төлегенова отбасылық өмірде бағы жанбағанын айтты.
"Оларға тамақ керек, қатын керек болды. Бәрін істедім. Тамақ та бердім, киімін де жудым. Бірақ командировкаға барғанда қазанымды көтеріп келмеймін ғой. Келген соң маған күш көрсетеді. Қысқасы, күйеуден бағым жоқ. Елім аман болса, менің атым өшпейді" дейді, қазақтың бұлбұл әншісі.
Айгүл Орынбек: «Халық әрбір тиынның есебін сұрауы қажет»
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024