Тұман, жел, көктайғақ: 18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2024
- 309
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін жетіп, түнде -10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с деңгейінде болмақ.
Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон жотасы әсер етеді, тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жел күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024