Мәдениет
"Ажырасып кеттік": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі жұртты жылатты
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2024
- 13.4k
Екатерина Жолбарыс жеке өміріне қатысты сұраққа инстаграмда жауап қатты
Белгілі композитор әрі әнші Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі Екатерина Жолбарыс тыңдарман тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға нүкте қойғысы келген болар, желіде отбасына қатысты ақпаратты растап, қысқа жауап қатты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Өзара ортақ шешімге келіп, екі жыл бұрын ажырасып кеткенімізді растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен ана болуға тырысамыз. Журналистер мен өзге адамдардың артық сұрақ қоймауын өтінеміз", - дейді Екатерина Жолбарыс.
Көпшілік олардың әдемі әрі жарасымды жұп екенін айтқан. Тіпті өнерлі отбасының тыңдармандары арасында мына жағдайды естіп, жылап қалғандарын жазғандар да бар.