"Сахнаға мас күйде шығу қалыпты жағдай": Мұқанов Төреғали туралы өз шындығын айтты
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2024
- 2.2k
Белгілі продюсер Жан Мұқанов кезінде Төреғали Төреәліні дүйім жұртқа танылуына, сахнада әнші ретінде көтерілуіне үлес қосқан адам. Ол Төреғалидың ел есінде қалған концерттерін ұйымдастырды. Бірақ, тараптар түсініксіз жағдайда ажырасып, бірге жұмыс істемей өойды.
Бұл Жөнінде Жан Мұқанов Виктория Новичковаға берген ашық сұхбатында айтты.
“ Төреғали Төреәлімен жұмысты бастағанымыздың өзі қызық болды. Түн ортасында Шымкенттегі қонақ үйдің бірінде жолықтық. Әкесі "Еті сенікі, сүйегі менікі" деп тапсырған болатын басында Төреғалиды маған. Оны "Ұлы дала баласы" деп атаған да мен. Ол атаудан бәрі қорықты алғашында. Маған келгенде ол айтыскерлер арасында ақын ретінде ғана танымал еді. Әнші ретінде ешкім білмейтін. Оның сол кездегі өнер ақысы 2 мың АҚШ доллары еді. Жұмысты бастаған тұста 8-10 мыңға көтердің. Жарты жыл бұрын тапсырыстар алатынбыз. аяқ-асты шыққан тойларға бармайтынбыз. Бүкіл Қазақстанды аралап, 30 мыңдап адам жинадық.
Біз өте нашар қоштастық. Ол кезде оның жасы бар болғаны 24-те еді. Қазан айында 25 жасқа толатын. Бес күн қатарынан Республика сарайында концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, оның тойы, бал айы болатын болды. Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді. Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті. Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім.
Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды. Ол маған "Жан, ол сенің проблемаң" деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан "Жан аға" болдым. Бұл мен үшін маңызды. Ол маған "сен" деп сөйледі. Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды. Сахнаға мас күйінде шығу ол үшін қалыпты дүниелерге айналып жатты”, – деді Жан Мұқанов.