Ол ағылшын тілін үйренгісі келетінін бұрынғы сұхбаттарында айтқан болатын
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Лондонға (Ұлыбритания) кетеді. Ол жаққа ағылшынша үйрену үшін төрт айға барады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы бұл туралы "Ақтөбе" телеарнасына берген сұқбатында айтты.
Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатына арнайы қонақ ретінде шақырылған Елдос Сметов алдағы жоспары туралы әңгімеледі.
"Келесі жылдың басында Лондонға 4 айға оқуға барамын. Ағылшын тілін үйрену үшін арнайы кетіп бара жатырмын. Құдай қаласа, Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшынша сұқбат беремін", - деді спортшы.
Еске салайық, Елдос Сметов Олимпиада ойындарында өзге спортшылармен ағылшын тілінде емін-еркін тілдесе алмағаны үшін қатты намыстанғанын айтқан еді.