Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024
- 388
Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Любовь Ковальчук 16 айлық үзілістен кейін спортқа қайта оралып, топ жарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Любовь Ковальчук +87 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жалпы 255 кг (110+145) еңсерді. Екінші орынды Жетісу облысының спортшысы Аида Ибраим 182 кг (81+101) нәтижесімен иеленсе, үшінші орын 135 кг (60+75) салмақты көтерген Қызылорда облысының ауыр атлеті Сандуғаш Хауметоваға бұйырды.
Бұл турнир Любовь Ковальчук үшін 2023 жылы допинг жанжалынан кейінгі қатысып отырған алғашқы жарыс болды. 2023 жылы Любовь Ковальчук допинг-тесттен өте алмай қалған еді. Олардың тапсырған сынамаларынан тыйым салынған SARMS S-23 препараты табылған.
Айта кетейік, жалпы саны 212 спортшы бақ сынап жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 19 қарашада өз мәресіне жетеді.
Сондай-ақ осы турнирде 14 жастағы Ксения Прозорова алтын медаль еншілеп, екі дүркін ел чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.