БҚО-да науқастың аяғын кесіп тастаған хирург қателігі үшін жазаланбады
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2024
- 945
Сот медициналық қателік туралы істі қарады және науқастың аяғын кесіп тастаған хирургты жазаламады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
БҚО облыстық сотының мәліметінше, ҚР ҚК 317-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы) Жәнібек ауданының сотында қаралған.
Жергілікті тұрғын 2023 жылдың 25 қазанында аяғынан өндірістік жарақат алған еді. Ауруханаға жеткізілді, жараны антисептиктермен емдеп, некротикалық (өлі) тіндерді алып тасталып, тігілді. Бірақ жарадан ірің мен сұйықтықтың ағуы үшін дренажды қамтамасыз етпеді. Жарада сұйықтық жиналып, инфекция өршіп кетті.
Аяқты сақтап қалу мүмкін болмады: 10 қарашада жәбірленушіге аяғын тобық деңгейінде кесіп тастады. Аудандық аурухананың хирургі іс бойынша сотталушы болды. Сот дәрігердің кәсіби міндеттерге немқұрайлы және жосықсыз қарағанын анықтады.
Алайда аяғынан айырылған адам дәрігерді кешіруге шешім қабылдады.
«Жәбірленуші сотқа жауапкер оған келтірілген мүліктік залалды өтегенін айтты. Ол медиация тәртібімен дәрігермен татуласып, оны кешірді және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді»
Меруерт Түсіпбаева: Өзі аз қазақты қырып салдыңдар ғой?!
Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




