«Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті»: жол апатына түскеннен кейін Ернар Айдардың өмірі өзгерген
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2024
- 238
Белгілі әнші Ернар Айдар жол апатына түскен сәтін есіне алды. Басынан өткен қорқынышты сәттен кейін ғана ол маңызды шешім қабылдаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, 2017 жылғы жол апатынан кейін өмірі түбегейлі өзгерген. 2-3 ай үйінде қозғалмай жатып қалған. Осыдан кейін өмірге деген көзқарасы өзгеріпті.
Бұл туралы "Жақсы адамдарым" бағдарламасында әңгімеледі.
" 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен аураханаға түскенде бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлікті сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі суретімді, көлігімнің суретін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесің" деді. Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Концерттен тым айқайлап шығып едім. Бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мадинамды да таптым", - деді Ернар Айдар.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024