«Іс қолға алынбаса, Жайықтың жағасынан кетпеймін»: өзенге батып көз жұмған оқушының анасы үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2024
- 201
Ұлымды суға батырып өлтірді” деген атыраулық ана Анаргүл Қасантаева тергеу бір орыннан жылжымай жатқанын айтып, тағы да желіде үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл іс қолға алынбаса, Жайықтың жағасынан кетпей, осы жерде отырамын. Балалардың сегізі де қамауға алынсын! Былай да, былай да айттым. Іс дұрыс жүріп жатқан жоқ. Екі тергеуші ауысты. Екеуі де дұрыс тергеген жоқ. Бір тергеуші оларға “Жәке, балаңды жібересің бе, жауап алу керек болып тұр” дейді. Сонда тергеушілерге бәрі Бәке, Сәке болып кетті ме? Үшінші тергеуші тағайындалды. Оның бет-жүзін көрген жоқпын. Менен дұрыс жауап алған жоқ. Іс қалай жүріп жатқанын білмеймін! Жалғыз балам жер астында жатыр. Мен осында отырамын», – дейді марқұмның анасы.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024