Хит болған “Шайн мускат” жүзімі тексеруден өтті: сараптама қорытындысы шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2024
- 3.1k
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Естеріңізге сала кетейік, өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік объектілердің карантиндік аймағынан кіруден немесе дербес енуден қорғау;
2) карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне енуіне жол бермеу;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.