“5 миллионға дейін береді”: Ләйлә Сұлтанқызының анасы Шымкентте қалыңмал қанша екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:20
- 151
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы қалыңмал мен мәһір туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, ҚМДБ қалыңмал мен мәһірді біріктіру туралы шешім шығарды. Ләйлә Сұлтанқызы анасының осы туралы ойын сұрап білді.
«Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһір бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді (қалыңмалдың құны), екі миллионға көшті. Оған мәһір қосылып еді. Бәрін бірге қосқаны дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһір де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһірді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», - дейді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.
Сондай-ақ, тележүргізушінің анасы сөз арасында Шымкентте қалыңмал құны қанша екеніне тоқталды.
«Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһір жоқ. Мәһірі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар”, - дейді анасы.