“Қыздарыма да осындай адам жолықса екен” : Дархан Жолшыбеков көпбалалы анаға үй сыйлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2024
- 162
Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы анаға үй сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматыда жалдамалы пәтерде тұратын 4 баланың анасы отбасының жалғыз асыраушысы. Мұны естіген блогер әйелдің жағдайын біліп қайтқан.
“Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", – деп жазды ол.
Әйел блогерге сыр шертіп, мұңын шақты. Айтуынша, балаларының әкесінің басқа отбасы бар.
“Әкелерінің бөлек отбасы бар. Сол жаққа кетіп қалған. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, “Қыздарыма да осындай адам жолықса екен” деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өліп қалсам, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер деп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады”, – деп жылады жалғызбасты әйел.