Перизат Қайрат жетекшілік еткен қайырымдылық қоры халыққа көмектескен суреттерді арнайы платформадан көшіріп алған
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2024
- 1.5k
Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz қоғамдық қоры халыққа көмек көрсеткен суреттерді Freepik сайтынан алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сайттың басты бетінде қайырымдылық қоры Қазақстанның әр аймақтарындағы табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатқаны жазылған. Веб-сайт ұйымның мақсаттарын егжей-тегжейлі көрсетеді.
Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарының тұрғындарына көмек көрсету деп жазылған. Сондай-ақ, әлеуметтік және халықаралық жобаларды жүзеге асыру делінген.
Дегенмен, бұл әрекеттер көрсетілген суреттер түпнұсқа емес, көшірілген екені белгілі болды.
Freepik сайтында дәл сол сурет жүр. Қайырымдылық көмек көрсетілген бейнеде «Біз не істеп жүрміз?» деп жазылған. Халықаралық жобаларда еріктілердің қорап ұстаған суреттері көрсетілген.
Жаңа жылда қазақстандықтар 4 күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024