Басты жаңалықтар
Павлодар облысында зорланған студентті тергеу барысында оның оқушы інісінің де қорланғаны анықталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қараша, 2024
- 763
Мектеп оқушысының да зорланғаны анықталды
Павлодар облысында студентке зорлық көрсетуге қатысты сотқа дейінгі тергеу барысынды адам шошырлық жайт белгілі болды. Жәбірленушінің мектепте оқитын інісі де зорланғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің ақпаратынша, екі күдікті ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылықты сотқа дейінгі тергеу барысында оның мектеп оқушысы болған інісіне да қатысты зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Павлодар облысының білім басқармасы.