Мәдениет
“Тойды қарызға батып жасадым”: белгілі блогер тойдан кейін пәтерін сатқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қараша, 2024
- 198
Блогер бір жарым жыл бойы қарыздарын өтеумен болған
Zheka Fatbelly атымен танымал блогер Жеңіс Омаров үйлену тойын қарызға алып жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Вайнердің айтуынша, ол тойдан кейін қарыздарын әрең жапқан.
“Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме, біз ол кезде қайыққа шықтық? Міне, мен сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті”, - деп мойындады Омаров.
Тіпті маркетолог болып жұмыс істей бастаған.
“Мен тіпті маркетолог болып жұмысқа орналастым, елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертең кешке дейін жұмыс істей бастадым”, - деп бөлісті Fatbelly.
Бірақ қарызын жабу үшін соңында пәтерін сатуға мәжбүр болған.