«Мені жақсылап тұрып жамандады»: Мақпал Жүнісова желіде шу тудырған видеосы жайлы сөз қозғады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қараша, 2024
- 264
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде шу тудырған видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгімеледі. Ол жағдайдан кейін әнші көп жерге барғанын, бірақ ешкім оны бетіне баспағанын айтты.
«Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын. Не болмаса ешкімді атып тастаған жоқпын. Халық өзі ушықтырып жіберді. Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бірауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп, құрмет көрсетті. Шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа екен. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Әбден тойлап, ауызына келгенін айтты. Мені жақсылап тұрып жамандады. Ешкімнің аузына қақпақ болмайсың ғой. Сол видеоны жастанып жатыңдар. Мүмкін сол кезде бақытты болатын шығарсыңдар, - деді Мақпал Жүнісова.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024