Ағасы мен қарындасын зорлаған: Майқайыңда кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қараша, 2024
- 2.0k
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентінде ағасы мен қарындасын сол ауылдың адамдары зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Azattyq Rýhy жазуынша, кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина мәлімдеді
Зорланған балалар – 2008 жылғы ұл және 2009 жылғы қыз бала.
Айтқазинаның айтуынша, бірінші факті осы жылдың қыркүйегінде анықталған. Кәмелетке толмаған қыздың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы өзгерістерді колледж мұғалімдері байқаған.
«Майқайың кентінде екі мектеп бар. 2009 жылғы студент қызымыз солардың бірінде оқыған. Мектепте оқыған кезде жоғары сыныптарда медициналық тексеріс болатын. Сол тексерістер кезінде қызда бәрі дұрыс болған. Бірақ осы қыркүйек айында мұғалімдер қыз баланың қобалжып, көп ауыратынын, селқос қарайтынын байқап, дәрігерге жүгінуді жөн көрген. Сол кезде студент бала жүкті болғаны анықталды», - дейді Айтқазина брифингте.
Кейін тергеу барысында 20 қарашада сол отбасындағы 2008 жылғы ұл да зорлық көргені анықталған.
Жәбір көрген екі жасөспірім толық емес отбасыда тәрбиеленеді, әкелері биыл дүниеден өткен.
Ағайынды балаларды зорлады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамалды. Күдіктілер сол ауылдардың тұрғындары болып шыққан.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024