Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында анасы мен қызын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайтын болды

Түркістан облысында анасы мен қызын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайтын болды
Сурет: Orda.kz
Ер адамға үш бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр

Оқушы қыз бен оның анасын айуандықпен өлтірген экс-мұғалімнің соты қалай өтетіні белгілі болды. Түркістан облыстық соты іс ашық өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Алқабилер таңдалып та қойған.

Айта кетейік, ер адамға үш бірдей қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр.

"Іс материалдарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушыға (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) ҚК 24-бабы 3-бөлігі, (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы, (Екi немесе одан көп адамды өлтіру) ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 10, 14-тармақтары қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағып, сотқа жолдаған. Сотталушының өтініш хаты бойынша іс алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысында қаралады", - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 қыркүйек күні Келес ауданында жантүршігерлік қылмыс болған еді. Маңайда тұратын ауыл тұрғыны шырт ұйқыда жатқан 46 жастағы әйел мен оның 15 жастағы қызын өлтіріп кеткен. Желіде тараған ақпарат бойынша күдікті мұғалім болып қызмет атқарып жүріп оқушы қызға тиіскен. Мұны білген анасы педагогтың үстінен арыз түсірген, кейін жұмыстан қуылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар