“Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді”: Жазира Байырбекова өміріндегі қиын кезеңдерін еске алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2024
- 751
Белгілі әнші Жазира Байырбекова 18 жаста тұрмысқа шығып, ауылда тұрған кездерін еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өміріндегі қиын сәттерін ол Айнұр Ілиясованың “Мамский әңгіме” жобасына берген сұқбатында айтты.
"Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. "Жанболат пен Жазираға мал бақтыратын шығармыз" деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім", - дейді әнші.
Айтуынша, өмірдің рахатын жастық шағында көре алмаған ол 45 жастан асқанда сезінген.
“Қазбек мектепте оқып жүргенде “Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан "мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды" деймін. Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, "сенің өмірің мынау деп көрсеткендей" болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын", - дейді әнші Жазира Байырбекова.