“Көгерген, ұрған іздер жоқ”: Ақтөбеде көз жұмған әскердегі сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 714
Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде көз жұмған сарбаздың анасы үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Марқұмның анасы Ирина Боровецтің видеоүндеуі aqtobe_sergek парақшасында жарияланды. Айтуынша, ұлымен үнемі байланыста болған.
“Ұлым Актөбеде әскери борышын сәуір айынан бастап өтеп келе жатқан. Кеше қайғылы жағдай орын алды. Борышын жақсы өткеріп жатқан еді. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық та болған емес. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы болатын. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенеміз. Мен ата-аналардан балаларын ән жамандықтан қорғауларын өтініп сұраймын. Олар мұндай қайғылы жағдайларды аз біліп, ешқандай алаңсыз әскери борышын өтесін. Сондай-ақ, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген ақпарат таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім - денесінде көгерген, ұрған іздер жоқ”, - деді сарбаздың анасы.
Еске салсақ, осыған дейін Актөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болғаны туралы жазған едік.