«Айтатын уақыт келді»: Жахан Отарғалиевпен ажырасқан Балжан Бидаш шындығымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 134
Белгілі әнші Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткеннен кейін депрессияға түскен. Сырт көзге әдемі болып көрінгенімен, ішкі жан дүниесі астаң-кестең болып жатқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы өзінің Instagram желісінде айтты.
”Менің жеке трансформациям туралы айтатын уақыт келді. Бәрі маған құлпырып кетіпсің, қандай керемет нәтиже, сахнаға оралуыңмен деп жатады. Бірақ сахнаның артында қаншама маңдай тер төгілгенін ешкім түсініп білмес. Бір жыл бойы қаншама жұмыс болғанын ешкім білмейді. Ия, ажырасқаннан кейін қатты депрессияға түсіп кеттім. Ешкімді көргім келмеді. Ешкіммен араласпай, тек үйде отырдым. Жобаларда ғана өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде белсенді болуға өзімді мәжбүрлейтінмін. Осының бәрі ішіме жиналып, дұрыс тамақтанбай, өзіме қарамай кеттім. Күннен күнге бетімнің жағдайы нашарлап бара жатқанын байқадым. Мені дәл осындай мәселені басынан өткізген адамдар ғана түсінеді”, — деп жазды өнер иесі.