«Жалғызбасты аналар мені түсінеді»: Жанель Мақажан шулы “Qoslike” бағдарламасына не үшін қатысқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 139
Белгілі актриса Жанель Мақажан бірнеше жыл бұрын “Qoslike” бағдарламасына не үшін қатысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастырда әңгімеледі. Айтуынша, бағдарламаға қызығушылықпен барған.
“Ол бағдарламағв бірден айтайын, жігіт-күйеу іздеп бармадым. Қызықтым. Адамдар қызықтырып айтты. 1 ай ғана отыршы деп ұсыныс тастады. Оның шын мәнінде қандай бағдарлама екенін білмедім. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Бірақ 1-2 аптадан кейін өзімді өте жайсыз сезіндім. Жылатып та қойды. Балаларыма тіл тигізген кезде, жалғызбасты аналар мені түсінеді, тіпті ұрып жіберуге дейін барамыз. Тіпті өнердегі ағаларым қоңырау шалып, кетші ана жерден деп ұрысты. Қалаулым-шоу. Ар жақтан ұрсысыңдар, кішкене былай айтыңдар” деп айтады. Шоу ғой”,- деді ол.