Қазақстанда жанармай бағасы өседі: энергетика министрі себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 258
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы көтерілетінін айтып, оның себептерін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжілісте өткен брифингте министр Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы бар екенін түсіндірді.
«Біздің нарық қазір жетіспеушілікте тұр. Сол жетіпеушілкті жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизациялау жүргізілуде. Модерницазия жүргізу үшін айтарлықтай қаржы керек. Мұнай өнімдерінің бағасына жабдықтарды сатып алуға алынған несиелер, оны күтіп ұстау, операциялық шығындар, логистика, жаңа құбырлар мен теміржол инфрақұрылысын салу шығындары кіреді», - дейді министр.
Оның айтуынша, бұл мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
«Олардың қалай болатыны ішкі нарықтағы мұнай бағасының қандай болатынына байланысты. Қазір ішкі нарықтағы баға көршілес елдер арасында ең төмен. Мұнай өнімдерінің бағасы ең төмен деп айта аламыз. Ал егер нарық ашылса, арзан өнімдеріміздің бәрі қымбатқа түседі, бұл бағаның өсуіне әсер етеді», - деп қосты министр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындары ашылды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024