«Жыныс еріндерін кесіп тастады»: 24 жастағы келіншек вагинопластика жасатамын деп денсаулығынан айырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 927
Алматылық Сымбат Берікқызы вагинопластика жасату үшін жарнамасы жер жарған шымкенттік косметологқа барған. Алайда осыдан кейін жағдайы күрт нашарлап жедел-жәрдем шақыртуға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
алматылық әйел көмек сұрап "Көреміз" бағдарламасына келген. Алғашында ол санитарлық талапқа сай емес косметологиялық салонды көргенде ота жасауға жүрексінген. Тіпті қарсыласқан. Алайда өздерін дәрігер деген косметолог оның жылағанына қарамастан, күшпен 9 укол салған. Арада көп уақыт өтпей Сымбаттың жағдайы нашарлай бастаған.
«Бала босанғаннан кейін зәр ұстай алмау мәселесі және қынаптан жел шығу проблемасы болды. Екі бала босанғанмын. Одан қатты ыңғайсызданатынмын. Гинекологтың алдына барған емеспін. Желідегі парақшадан көрдім. Көп адам қабылдайтын. Білікті маман деп ойладым. Алдын ала олар менен 25 мың теңге алды. Одан кейін 55 мың теңгені барғанда бердім. Маржан А деген кісі гинеколог емес, косметолог екен. Мен ауырғаннан кейін қайта-қайта хабарластым. Сол кезде мені боқтады», - дейді келіншек.
Айтуынша, ота жасаған кометологтар өзі туралы мазақ етіп әлеуметтік желіде видео жариялаған. 19 мыңға жуық оқырманы бар келіншек жылына 100-ден астам қыз-келіншектерді қабылдайтын көрінеді. Оған қоса косметологияның қыр-сырын үйретемін деп жарнама жасаған. Сөзіне сенсек, әмбебап блогердің табысы 4 миллион теңге. Маржан Маханқызы процедураны құрбысы Жазирамен бірге жасаған. Олар вагина пластика мен хело пластика, ерін үлкейту жасайды екен.
«Олар менен кешірім сұрамады. Ауруханада жатқан кезде жазира деген тәте хабарласып «арызыңды ал, саған ақшаңды қайтарып береміз. Витаминдеріңді алып береміз» деп айтты. Ол кісімен келіскен жоқпын. Маржанның да 7 айлық баласы бар екен. Бірақ ауруханаға кліп кешірім сұраңыздар деп айттым. Олар келмеді», - дейді ол.
Алайда, косметолог әйелдің жыныс мүшесінің еріндерін кескенін мойындамады. Оның айтуынша, Сымбат басқа жақта ота жасатып келген.
«Ол өзінің жыныс мүшенің еріндерін кескенін мойындаған жоқ. Маған басқа жақта кестіргенсің деп жала жапты. Лазермен кесіп тастаймыз ешқандай ауырмайды деп айтты. маған укол салған кезде аяғыммен тепкен болатынмын. Одан кейін алдыма пленка жауып тастады. Түтін шығып жатты, оны көре алмадым», - дейді әйел.