Мәдениет
38 жастағы танымал виолончелист Болат Тыныбеков көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 984
Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ берген
Отандық белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Музыкант 38 жаста болған.
«Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болып, шамам келгенше қолдап жүрген едім», - деп жазды стористе туысы Айжан Түгелбаева.
Қарағанды қаласында 1985 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген. Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ береді және Қазақстан мен Еуропада белсенді түрде концерттер өткізген.