«11 жасымда намаз оқитынмын»: Луина ешкім білмейтін сырымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 149
Белгілі әнші Луина 11 жасынан бастап мешітке барып, намаз оқығаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оның күйеуі 16 жасында ислам дінін қабылдаған. Дегенмен ол атеист екен.
“Менің жолдасым 16 жасында ислам дінін қабылдаған. Оның Әбубәкір деген есімі де бар. Ол өзін атеистпін дейді, бірақ діндердің ішіндегі ең жақыны ислам дейді. Ислам дінін ұстану өте тиімді, жаныма жақын деді. Бірақ ол тек таза деректерге ғана сенеді. Қазір оның жасы отызда, есейе келе оған келесің деп айтқан едім. Мен биыл бірінші рет ораза ұстадым. Ол менен үлгі алды. Жұма күндері кейде мешітке барады”, – дейді Луина.
Өнер иесінің сөзінше, 11 жасынан бастап мешітке барып намаз оқыған.
“Менің атам молда болған. 11 жасымнан бастап мен де мешітке барып, намаз оқитынмын. Қазір де өзіме қажетті ең керек деген сүрелерді жатқа білемін. Маңызды кезде, күнде ұйықтар алдында оларды оқып отырамын", – дейді.