Жамбыл облысында 23 жастағы келіншек екі жасар ұлымен бірге көлікте тірідей жанып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 871
Жамбыл облысында жол апаты салдарынан болған өрттен көліктегі анасы мен екі жасар ұлы көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында болған. Таразға кетіп бара жатқан ВАЗ 2114 және BMW автокөлігі жол жиегіне тоқтаған. Осы уақытта Mercedes автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі көлік тізгінін игере алмай, жолдың жиегіндегілерге келіп соқтығысқан.
Анықталғандай, BMW көлігін 23 жастағы әйел тізгіндеген. Ішінде оның екі жасар ұлы болған. Соқтығыстың салдарынан көлік жанып кетті.
«Mercedes автокөлігінің жүргізушісі ұсталды Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді полиция.
Аталған дерек бойынша «Екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қоз ол қазір уақытша ұстау изоляторында.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024