Мәдениет
«Дуалап тастаған»: Гүлзира Айдарбекова келінінің Қайрат Нұртасты өзіне қалай қаратып алғанын айтты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024
- 2.0k
Қайрат Нұртас анасына өзін Жұлдыз Әбдікәрімованың дуалап алғанын айтып келген
Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлын дуалап алғаны туралы оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бағдарламаның бірінде продюсер ұлы мен келініне қатысты қызық оқиғасымен бөлісті.
«Ол кезде Қайрат хит болып жатыр. Қыздар көп артынан жүгіретін. Мен Жұлдызды көріп алғанмын. Одан басқасын елестете алмаймын. Басқа ешқайсысы ұнамайды. Сосын бір күні Қайрат пен Жұлдыз екеуі ұрсысып қалған. Содан үйге келіп «мама, ана қыз менің басымды дуалап тастаған. Әдемі қыздар көп. Қарайын десем, Жұлдыз миымда тұрады да қалады. Ана дуасын оқытып, қайтадан ашып беріңізші» дейді. Ол кезде жасы 17-де ғой. Содан мен отырып «балам бұл махаббат» деп айттым», - дейді продюсер күліп.
@b_altynbekova2 #қайратнұртас #қайратжұлдыз #гүлзираайдарбекова #рекомендации ♬ оригинальный звук - b_altynbekova2