Алматы облысында 9-сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:25
- 38
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең ауылындағы мектептердің бірінде мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ kazinform-ға сілтеме жасап.
Қарасай аудандық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Белгілі болғандай, А. С. Пушкин атындағы орта мектепте 18 қараша күні аудандық орталық ауруханадан арнайы жылжымалы автокөлік келіп, 15 жастағы оқушыларды флюрографияға түсірді.
2024 жылдың 20 қарашасында мектеп медбикесіне аудандық ауруханадан фтизиатор маманы хабарласып, 9-сынып оқушысынан ашық формадағы туберкулез анықталғанын мәлімдеді. Ауырып қалған оқушы 19 қарашадан бастап сабақта болмаған.
Мектепте дереу санитарлық эпидемиологиялық жұмыстар қолға алынып, сыныпта тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұқпалы ауру шыққан сыныпты оқшаулап, кабинетте дезинфекциялау жұмыстары 5% гипохлорид ерітіндісімен жасалды.
«Пән мұғалімдеріне және кіші қызметкерлерге туберкулез ауруы жайында санитарлық-эпидемиологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал ауру шыққан сыныпқа оқшауланған білім беру ұйымдастырылды. 22 қарашада оқу процесі аяқталғаннан кейін мектеп аумағында 4200 шаршы метр аумақта «Дезинфекция» ЖК мекемесі дизенфекция жұмысын жүргізді», — делінген ресми жауапта.
Қазір мектеп аудандық санитарлық-эпидимиалогиялық (СЭС) басқармасының қорытындысын күтіп отыр. Кейін соған сәйкес, қосымша тиісті шаралар қолға алынбақ.
Әзірге мамандар білім алушыларға қауіп жоқ екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Сібір жарасы: мал сойған қасапшы ауруханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 қараша, 2024