«Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім»: Мақпал Жүнісова Сембек Жұмағалиевпен алғаш танысқан кезін еске алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 қараша, 2024
- 1.1k
Әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиев туралы айтты. Екеуінің орындауындағы «Ғашықтар әнінің» әлі күнге дейін тыңдарманы көп, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Сембек Жұмағалиевпен “Гүлдер” ансамблінде жүргенде танысқан.
“Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім, ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой”, – деп күлді халық әртісі.
Сондай-ақ, Сембек Жұмағалиев те өз кезегінде естеліктерін айтып, жұртты бір күлдірді.
“Мен өзім Атырау жақтың тумасымын. Осы дуэттен кейін ауылдың кемпірлері “Мақпал – біздің келін” деп жүрді. Біздің жолымызды тоғыстырған осы ән десек қателеспейміз. Шығармашылық байланыс орнаттық. Бір жолы Мақпал: “Менің жігітім бар, Сембектің қызы бар” деп ағынан жарылды. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін ескірмейді”, – деді ол