"Ішкі жарамды жасыру үшін": Ерке Есмахан өз брендін сатылымға шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 қараша, 2024
- 357
Белгілі әнші Ерке Есмахан өз брендін шығарды. Айтуынша, ол тек мойынға тағатын әшекей ғана емес, әр аруға сенімділіқ пен бақыт әкелетін бұйым, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі көптен бері ойлап келген арманын іске асырғанын айтады. «Ерке Сотуар» деп аталатын мойынға тағатын әшекейді алғашыда күйеуі Райм екеуі өзіне арнап шығарғысы келген. Алайда, уақыт өте келе басқаларға да өзінің «бақытты өмірі» жұғысты болсын деген ниетпен бірнеше данасын сатылымға шығаруға бел буыпты.
«Мен қолда қалатын, мағынасы терең нәзік жандарға үміт беретін, ол үміт орындалатын, мүмкін анадан қызына мұра боп қалатын құндылығы жоғары зат іздедім.
Мен сіздер үшін «живой примермін». Мен бірден Ерке Есмахан болмадым. Қазірге дейін жеткендерімнің барлығы оңай келе салған жоқ. Ауылда, қарапайым отбасында туып-өстім. Алла берген талантпен, ата-ананың қолдауымен, өнерге құштарылығммен, біліммен үлкен сахнаға шықтым. Бұл менің карьерам.
Ал менің жеке өмірім әртүрлі сынақтардан өткенін өздеріңіз білесіздер. Бірінші некем сәтсіз болды. «Ажырасқан қыз деген атқа ие болдым. «Жалғызбасты ана» атандым. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, уақытылы тамақ ішпей, денсаулығым сыр берді. Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тапсам да ертеңгі күніме сенімсіз едім.
«Тек Мүслимнің анасы болып қаламын ба?», «Тағы ана атана аламын ба?», «Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?» «Мені шын сүйетін, қолдап, қорғайтын өмірлік жолдас кездесе ма?» деген ойдың жетегінде жүрдім. Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым.
Әр қиындықтың артында бір жеңілдік болатынын, ал жеңілдіктің артында Алланың шексіз мейірімі мен сыйы болатынына сендім. Сенім ақталды. Шүкір!», - деп жазды әнші.
«Ерке Сотуар» -дың іші күміспен жасалған, ал сырты алтын жалатылған. Әнші мойынға тағатын әшекейді 50 мың теңгеге сатылымға шығарды.