"Құрмет пе қорқу ма?": Путин келеді деп Астана неге сонша дүрлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 қараша, 2024
- 547
Бүгін Ресей президенті Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Оның келуіне орай басталған дайындықты халық түрлі түсінікпен қабылдауда. Яғни, біреулер «Соғысты қолдап отырған бір мемлекеттің президентін неге соншалықты құрметпен қарсы аламыз?» десе, енді бірі «бұл президенттерге көрсетілетін құрмет» деп жазуда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Осыдан кейін facebook әлеуметтік желісінде посттар көбейе бастады. Белгілі журналист «Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза!» деген жазуға қатысты өз пікірін жазған.
«Әуежайға барғандар болса, Астанаға кіре берісте Путинге сәлем жазылғанын көрген боларсыздар. Онда «Ваше Превосходительство, господин Владимир Путин, добро пожаловать в Астану!» деп жазылып тұр. Оның қазақша баламасы «Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза!». Ваше Превосходительство өзіміздің «жоғары мәртебелі» деген сөзді орысша баламасы. Біз бұлай Путинді ғана қарсы алып жатқан жоқпыз. Осындай жазулар Өзбекстан, Катар, Корея, Түркіменстан мен Тәжікстан сияқты ел басшылары келгенде де жазылғанын, олар да елімізге келіп, мәртебелі мейман болып кетті.
Бұдан бөлек қала ішінде жер-жерде Ресейдің туы ілініп тұр. Оған себеп – бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр. Осы тұста әлжеліден «мұндай құрметті не үшін көрсетіп жатыр?» деген пікірлерді көзім шалып қалды.
Мұндай жазулар мен туларды ілу – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Басқа елдің басшылары мемлекеттік немесе жұмыс сапарларымен келген кезде қарсы алушы ел, яғни «шаңырақ иесі» осындай сый-құрмет көрсетеді. Бұл тек Қазақстан істеп отырған нәрсе емес», - деп жазды ол.
Айтуынша, жазулар мен туларды ілу қонақжайлылық пен келген мейманға құрмет көрсету белгісі. Алайда Жазира Бегалы сияқты желіде парақшасы бар адамдарды сынаған топтар да пайда болды.
«Мынадай жазу үшін, бетің қаншалықты қалың болуы керек? Сонда мыңдаған адамның қанын мойнына жүктеген біреуге құрмет көрсетіп, Астанамызда қожайын деп қарсы алу норма ма??? Ол олай емес, былай еді деп тәпсірлеген сымақ болу дегенің енді...», - деп жазды желі қолданушысы Ақерке Рахымберді.
Бұл ретте орыс сайттары да Путиннің Қазақстанға келу сапарына қатысты ақпарат таратуда. Ол жерден де түрлі пікірлерді кезедстіруге болады. Соның бірі "Ақшалары таусылған ба, артымызға кіріп жатыр», «қазақтарда әскер барма өзі, аспанда ұшып жүрген ұшақтар Ресейдікі. Олар өздері ұшақ жасап әуеге көтерілуге милары жетпейді», "Шынымды айтсам, Путин үшін қорқып отырмын. Олардың мейірімділігіне сенбеймін" деген секілді пікірлерді көруге болады.
Түнде Алматыда тағы жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар
«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Мектепте жаңа жылда ақша жинауға бола ма: оқу-ағарту министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2024