«Халықтан 35 млн теңге қаражат түскен»: елді шулатқан «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024
- 82
Журналист Гүлмра Әбіқай желідегі парақшасында халықты алдап жүр деп көрсеткен «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі алғаш рет өзіне қатысты мәліметке пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде «Елге көмек» қайырымдылық қорының халықты алдап жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Соның бірі апаға үй алып беремін деп уәде етіп, оны орындамағаны туралы жазған едік.
Алайда қор жетекшісі Ілияс ақпараттың бәрін жоққа шығарды.
«Мені «алаяқ, ақша жымқырды» деп жатқан адамдарға ондай еместігін дәлелдеу үшін Каспи банкке келдік. Соңғы мәселелер бойынша үлкен дау жүріп жатыр. Сол үшін дәлел ретінде соңғы алты айдағы түскен қаражатты көрсетіп отырмыз. Халықтан 35 млн теңге қаражат түскен. Ол ақшаға тиіскен жоқпыз. Орнымен жұмсалып отыр. Бәрі жала жауып жатыр», - деді ол.
Қор жетекшісі халықтың нақты ақпаратқа ғана сенуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024