Көкшетауда әйелі күйеуінің қорлығынан кейін асылып өлген: қылмыстық іс сотқа жіберілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қараша, 2024
- 231
Ақмола облысында өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу ісіне прокурорлар араласып, қылмыстық іс қайта қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына итермелеген қылмыстық істің қайта қозғалғанын Ақмола облысы прокуратурасы хабарлайды
«Тергеу нәтижесінде «И» деген Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйелі «С»-ке физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды. Бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына апарып соққан. «И» азаматының әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды. ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», – делінген хабарламада.Күдіктінің ісі Көкшетау қалалық сотына жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024