Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ұжымы қазақтың қарымды қаламгері, академик Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанованың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Баян Сәбитқызы Мұқанова — қазақ жазушысы, драматург, Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бас мамандарының бірі болған.
1989 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор, «Жазушы» баспасында аға редакциялық қызметкер. 1997 жылдан бері Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры атанды.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024