Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Доллар ұстатып, әйелдерді жылатып-күлдіріп емдеген психолог елді шошытты (ВИДЕО)

Доллар ұстатып, әйелдерді жылатып-күлдіріп емдеген психолог елді шошытты (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Бұдан басқа ем алуға келген әйелдердің қолына бірінші доллар ұстатып көреді екен

Әлеуметтік желіде әйелдердің қолына доллар ұстатып, тілдеріне ине салатын спихологтың видеосы тарап кетті. Бұл көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан долларды ұстаған әйелдің талықсып жатып қалғанын көруге болады. Сондай-ақ, тағы бір келіншектің отырып, айғайлап жылағаны да бар.

«Желіде өзін психологпын деп таныстырған әйелдің видеолары қызу талқылануда. «Үлкен ақшадан қорқасыз ба?» деген мәтінмен талтыртып тастапты. Жалпы пациенттерінің еріндеріне, тілдеріне ине тығады екен», - деп жазған автор.

Желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырып, психолог емес емшінің ісі екенін жазуда. Енді бірі мұндай әдіс психологиялық емде бар екенін алға тартты.

«Небір түрлі жындылар шығып жатқан заман болды ғой», «Осындайларға баратын қатындардың бастары істемейді. Сосын бір психолог сымақтар бар», «Бұл психологиялық ем. Қатты стресске түскен немесе белгілі бір депрессиядан алмай жүрген, өздігінен бұл состояниеден шығуға дәрменсіз қатты шаршаған», «Құрсын қу дүние не істетпейді. Мына психологтардың өзіне психолог керек қой» деп жазды олар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар