«Мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді»: әнші Айдар Тұрғамбек өзінің қыз ұзатып жүргеніне мақтанды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2024
- 106
"Жігіттер" квартетінің мүшесі, әнші Айдар Тұрғамбек өзі ұзатқан қыздардың үйіне қайтып келмейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында берген сұхбатында айтты. Сөзінше, әнші ұзатқан қыздарын үйіне дейін апарып тастайды екен.
"Бұрын Шымкентте қызды ұзатуда айтылатын әндер ғана болды. Мен сол дәстүрді алып, "Қарындасқа" деген ән жаздым. Басында менің ұзатуда ән айтқаным тойдағы халыққа өте оғаш көрінді. Олар бұрынғыға үйреніп қалған. Кейін "бұл еркек адам, неге қызды ұзатады?" деген әңгіме шықты. Бірақ бұл бізде жаңалық емес, баяғыдан келе жатқан дүние. Қазір енді қоғам кішкене үйренген секілді. Мен кейде әзілдеп "мен ұзатқан қыздар қайтып келмейді" деп айтамын. Тастай батып, судай сіңіп кетеді. Барлық қыздардың 4-5 бала-шағасы бар. Мен ұзатқан қыздарымды үйіне дейін апарып тастаймын", - дей ді әнші.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024