Мәдениет
«Отқа апарар ойнас емес пе?!»: Мұхамеджан Тазабек «Нурикамал» фильмі туралы пікірін білдірді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2024
- 143
Ханбибі апамыз сол әрекеттері арқылы, әйелдік айласын қолданып, шығармашылық мүмкіндігін пайдаланып, ситуацияны өз бақылауында ұстады
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек "Нурикамал" фильмі жайлы өз ойын айтып, Ханбибі Есенқарақызының әрекетін әйелдік айла деп түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, бұл жағдай отбасында орын алған ситуацияны толыққанды басқарып отырған әйелдің жай ғана айласы.
"Дүниедегі ең жексұрын нәрсе - жауапсыз махаббат, отқа апарар ойнас емес пе?! Ешбір әйелдің табиғатында “күйеуімді басқамен бөліссем” деген, тем более одан баласы болса деген қалау жоқ… Менің ойымша, керісінше, Ханбибі апамыз сол әрекеттері арқылы, әйелдік айласын қолданып, шығармашылық мүмкіндігін пайдаланып, ситуацияны өз бақылауында ұстады. Артық ештеңе болмайтындай", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.