Петропавлда жаңа мектептің төбесі опырылып, оқушылар жарақат алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
- 37
Петропавлда төрт жыл бұрын салынған орта мектептің төбесі құлап, бірнеше оқушы жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
4 желтоқсан күні сағат 17:39-да жедел жәрдем станциясына №6 орта мектепте оқыс оқиға болғаны туралы хабарлама түскен.
«12 және 13 жастағы үш бала санитарлық авиациясы арқылы облыстық ауруханаға балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр. Жағдайлары тұрақты. Олар бүгін түнде дәрігерлердің бақылауында болады», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі төбедегі үлкен сылақтың опырылып түскенін айтады.
«4 желтоқсан күні сағат 17:20-да Петропавл қаласындағы №6 Қожаберген жырау атындағы орта мектептің сынып бөлмесінде екі шаршы метр аумақта төбенің сылағы опырылып кеткен. Салдарынан үш бала зардап шекті, олар облыстық балалар ауруханасына бақылауға алынды», – деді ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Сондай-ақ облыс әкімдігі арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.
«Комиссияның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет, білім, құрылыс басқармалары, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалардың өкілдері кіретін болады», – делінген хабарламада.
Бұл мектеп 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
«Әдемі болып бармаймын ба»: трансгендер Амилай әскерге шақырылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024