Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Баламды жоғалтып алдым»: Баян Мақсатқызы ауыр жағдайымен бөлісті

«Баламды жоғалтып алдым»: Баян Мақсатқызы ауыр жағдайымен бөлісті
Сурет: Ашық дереккөздерден
Баласынан айырылған ол депрессияға түсіп кеткен

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы бірінші баласынан қалай айырылып қалғаны туралы айтып, сол бір кездегі қиын кезеңдерін еске алды, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, 20 жасында ішіндегі 36 апталық баласынан айырылған.

“ Мен босануға дайындалып жүрдім. 20 жаста едім ол кезде. Алайда жүктіліктің 36 аптасына келгенде баламды жоғалтып алдым. Бұл менің өмірімдегі ең қиын уақыт болды. Сол кезде медицина деңгейі өте төмен еді. Ешқандай дайындықсыз, кесарево жасай алмайтын жағдайда болдым. Маған күн сайын 40-қа жуық инъекция салынды, түрлі процедуралар қолданылды. Босануға он күн бойы дайындады. Бұл әсіресе физикалық тұрғыдан  өте ауыр және қиын  болды,” – деп бөлісті Баян.

Осыдан кейін ол депрессияға түсіп кеткен.

“Күнде таңнан кешке дейін жыладым. Сол қайғыдан айығу өте қиын болды. Осыдан кейін өмірдің қаншалықты күрделі екенін түсіндім”, – дейді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар