"Жазықсызбын": Адай күйіне сөз жазған әнші қамауға алынды (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024
- 821
танымал әнші Арман Көмекұлы жол ережесіне қатысты айыпты деп танылып, қамауға алынды ARO лақап атымен танылған әнші 15 күнге қамалды. Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.
“Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң күйде айдаған жоқпын. Ағама берген болатынмын. Ол да сап-сау еді. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылды. Не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым", – деп жазды ол. Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді. Алайда көп ұзамай, парақшасынан жазбасын өшіріп тастады.