2025 жылы әр бала Ұлттық қордан қанша ақша алатыны анықталды
- автор kyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024
- 216
Сенаттың пленарлық отырысында депутат Нұртөре Жүсіп Үкімет пен Ұлттық банк өкілдерінен балалардың БЖЗҚ-дағы шоттарындағы қаражатты инфляция мен құнсызданудан қалай қорғауға болатынын сұрады.
"1 ақпаннан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында Қазақстан азаматтары саналатын барлық баланың БЖЗҚ-дағы есепшоттарына Ұлттық қордан алғашқы қаражат аударылды. Бағдарламаға 6,9 миллион бала қатысты. Осыған байланысты менің сұрағым: Ұлттық қордан мақсатты трансферттерді тарту оның активтеріне және "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының іске асуына қаншалықты әсер етеді? Біз болашақ ұрпақтың қалтасына қол салмаймыз ба? 2024 жылдың қорытындысы бойынша және алдағы жылдары әр балаға қандай сома аударылуы жоспарланып отыр?" – деп сұрады сенатор.
Қаржы министрі Мәди Такиев балалардың есепшоттарына қаражат доллармен аударылып, сақталатынын, сондықтан ол инфляциялық әсерден қорғалғанын айтты. Бұдан бөлек, бұл сома ұлғайып жатыр.
"Инвестициялық табысқа келсек, биыл оны 2,6 пайыз деп есептедік. Келесі жылы бәрі жақсы болса, 3 пайызға дейін инвестициялық табыс болады. Сондықтан 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 118-120 доллар деп аламыз. Бірақ 1 ақпанға дейін барлық есептеулерді аяқтап, нақты соманы айтамыз", – деді Такиев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы индустриалды аймақта жаңа өндіріс орындары ашылды
- авторkyn.kz
- 5 желтоқсан, 2024