«Анамның кастингінен өтті»: Бүркіт Аишаны қалай таңдағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024
- 934
Әнші Бүркіт анасының жары Аишаны бірден ұнатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, анасының батасын алғаннан кейін ғана Аишаға ұсынысын білдірген.
“Жұрт анам мен Аишаны ұқсатып жатады. Менің анам болғандықтан соған ұқсайтын жанды іздейтін шығармын. Білмеймін. Аиша екеуміз алғашқы бейнебаян түсіріп, халыққа шығардық. Сол кезде мен арнайы Таразға барып, анама көрсеттім. Анам бірден Аишаны ұнатты. "Мына қыз жақсы ғой, көзі жақсы" деді. Негізі қыздар туралы олай айта бермейді. Оған дейін қаншамасын көрсеттім ғой. Көрмейтіннің бәрін көріп шықты. Солай Аиша анамның кастингінен өтті. Мен сол сөздерден кейін кеттім. Өз әрекетімді бастадым", –деді Бүркіт.
Қазіргі кезде әнші ата-анасын өз қолына көшіріп алған. Сөзінше, тұрып келе жатқан 1,5 жыл ішінде енесі мен келінінің арасында ешқандай келіспеушілік орын алмапты.